Парламент Сенаты Астанадағы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады

2508
Фотосурет: ©️ Н.Байбулин /Сенаттың Баспасөз қызметі

Парламент Сенатының депутаттары мен Аппарат қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Бейбітшілік және келісім саябағында өткен іс-шараға Қазақстандағы діни бірлестіктердің өкілдері, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының басшылығы мен қызметкерлері де атсалысты.

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Барлығы 200-ге жуық адам қатысқан сенбілікте шаған және басқа да көпжылдық ағаштардың көшеттері отырғызылып, саябақтың аумағы тазартылды. Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев еліміз үшін мұндай экологиялық акциялардың маңызды екеніне назар аударды.

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Суретті түсірген: Н.Байбулин

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы сессиясында сөйлеген сөзінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына баса мән берді. Мемлекет басшысы бұл бастама өскелең ұрпақтың бойына дұрыс құндылықтарды сіңіруге және оларға озық білім мен тәлім-тәрбие беруге септігін тигізетін игілікті іс екенін айтты. Сондай-ақ аталған акция, шын мәнінде, шынайы отаншылдықтың көрінісі екені анық. Бүгін дәл осындай құраммен Бейбітшілік және келісім саябағында сенбілік өткізуіміздің символдық мәні зор деп есептеймін. Өйткені биыл Астанада рухани және халықтық дипломатияны ілгерілетуге ықпал ететін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі өтеді»  Мәулен Әшімбаев 

Сенат Төрағасы саябақтағы орталық инсталляцияда жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Демалыс орны биыл Астанада өтетін «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» атты Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі аясында ашылады деп жоспарланып отыр. Палата Спикері әріптестерімен бірге осы мәселені де талқылады.

Айта кетейік, Бейбітшілік және келісім саябағының негізін 2022 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысушылар қалады. Олардың қатарында Рим Папасы Франциск, Әл-Азһардың Жоғарғы имамы Ахмед ат-Тайеб, Израильдің бас раввиндері және әлемдік діндердің басқа да өкілдері бар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -