Шымкентте прокуратура 7,9 млн теңге алимент өндіруді қамтамасыз етті

2354
Фотосурет: ©️Турар Казангапов/Tengrinews.kz

«Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру және қолданыстағы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету аясында Еңбекші ауданының прокуратурасы алимент бойынша қарызды өндіріп алу бағытында бірқатар жұмыстар атқарды, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Баладан ұрланған әрбір теңге – оның білім, денсаулық және жарқын болашаққа деген мүмкіндігін ұрлау деген сөз. Алимент – бұл тек заңды міндет емес, сонымен қатар өз балаңның алдындағы жауапкершілік екенін ұмытпау маңызды.

Алайда барлық әкелер өз балаларын қолдап, көмегін тигізе қоймайды.

Талдау нәтижесінде 6 жыл ішінде дәлелді себепсіз 7 905 638 теңге сомасына алимент бойынша берешек төлемеген «О» есімді борышкер анықталды.

Борышкер сот шешімін тиісінше орындамағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

Аудан прокуратурасымен аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 139-бабымен СДТБТ-ге қылмыстық істі тіркеп, тергеп-тексеру нәтижесінде сотқа жолдаған.

06.02.2025 жылы борышкер сот отырысында жәбірленушімен татуласып алимент бойынша қарыз берешекті, яғни 7 905 638 теңгені толық көлемде өтеуіне байланысты қылмыстық іс ақталмайтын негізбен тоқтамға алынды.

Прокуратура алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге ҚР ҚК-нің 139-бабына сәйкес 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасының көзделгенін ескертеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -