«Таза Қазақстан»: Астанада Байқоңыр ауданында қарағай, алмұрт және алмалар отырғызылды

2541
Фотосурет: Gov

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіп үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында елорданың Байқоңыр ауданында ауқымды абаттандыру жүргізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

Қаланың дәл орталығындағы Ташенев көшесінің бойына, Есіл өзенінің жағалауына 500 түп ағаш отырғызылды, 3 гектарға жуық аумақта жұмыс жүргізілді, деп хабарлайды DKnews.kz. 

«Бұл жерді қаланың қақ ортасы деп атауға болады. Мұнда Есіл өзенінің жағалауы бар, сол сияқты Ақбұлақ өзені ағып жатыр. Бұл маңай – белсенді тұрғындардың, көптеген жастардың тұрақты мекені әрі қарқынды дамып жатыр, жаңарту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осыған байланысты бұл жерге нағыз орман отырғызуды ұйғардық. Біз 500-ге жуық ағаш отырғызамыз. Олардың арасында қылқан жапырақты ағаштар – шырша мен қарағай, сол сияқты қайың, 80-100 жеміс ағашы – алма мен алмұрт бар. Ағаш отырғызу жұмысын мамырдың бірінші онкүндігіне дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді.

Сондай-ақ ол жасыл алқаптарды толықтай күтіп-баптау мақсатында өткен жылы жағалауға жергілікті суару жүйесі орнатылғанын атап өтті. Биыл кеңейту жұмысы толығымен аяқталады. Ақбұлақ өзенінің арнасы тазартылып, су қоймасының тазалығына көңіл бөлінеді.

«Әр отырғызылған ағашты біздің агроном мамандарымыз күтеді. Жылына үш ауылшаруашылық іс-шарасын жүргіземіз. Барлық ағаш мамандандырылған тәлімбақта өсірілді», – деді аудан әкімі.

Көшені көгалдандыруға аудан белсенділері, ҚР Ұлттық ұланына қарасты 6636 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, МИБ (ПИК) төрағалары және шағын аудан тұрғындары қатысты.

Бүгінгі тазалық іс-шарасы сенбілікке шыққан жас жұбайлар үшін ерекше оқиға болды. Байқоңыр ауданында Құрмет пен Диана Жолбарысовтар ауқымды көгалдандыру науқанына қосылып, ағаш отырғызды.

«Біз үшін бұл – қос мереке. Біз жаңа отбасын құрып қана қоймай, қаламыздың болашағына аз да болса үлес қосып, жаңа өміріміздің символы ретінде бірге ағаш отырғыздық», - деді Құрмет.

«Тәшенов көшесі – қаладағы жасыл желекті көшелердің бірі. Жыл өткен сайын оның көркейіп келе жатқанын көріп жүрміз. Осындай іс-шараларға қатысып отырмыз, басқа да тұрғындарды шақырамыз. Ағаш отырғызумен қатар, біз аудан белсенділері ретінде олардың қала тұрғындарының көңілінен шығуы үшін күтімін қадағалап отырамыз», - дейді «Жастар» МКҚБ белсендісі Артем Павельев.

Еске салайық, бүгін, 26 сәуірде Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіп үлгісі» экоакциясы аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр. Астанада экологиялық акция аясында қаланы, нөсер және суару арықтарының кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық орындарды және аулаларды тазалау және т.б. жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жасыл екпелерді күту және отырғызу бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, сауда алаңдарын, т.б. орындарды тазарту, рұқсат етілмеген үйінділерді жою және т.б. жұмыс жүргізіледі. Мердігер ұйымдар шағын сәулет нысандарын, ескерткіштер мен шағын сәулет нысандарын, қоқыс орындары мен контейнерлерді жуу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.
Күн райының жылынуымен қалада абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары басталып кетті. Биыл елордада миллионға жуық жасыл желек (ағаш, бұта, көшеттер, т.б.) отырғызу жоспарланып отыр. Абаттандыру жұмысы қаланың барлық алты ауданын, оның ішінде алаңдарды, аулаларды және жағалауларды қамтиды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -