Ауыл қауіпсіздігі бақылауда: Майтөбеде өрт сөндіру депосы салынды

2200
Фотосурет: Gov

ТЖМ басшысының ауылдық елді мекендерді өртке қарсы қорғауды күшейту бойынша бастамасымен Жамбыл облысы Талас ауданының Майтөбе ауылында әмбебап өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Азаматтық қорғаудың жаңа объектісі төтенше жағдайларға жедел ден қоюды қамтамасыз ету, ауылдық елді мекендерді қорғау деңгейін арттыру және табиғи және техногендік қауіптердің салдарын барынша азайту министрліктің басым міндеттерінің бірін іске асыру үшін құрылды.

Ашылу салтанатына төтенше жағдайлар  вице-министрі генерал-майор Кеген Тұрсынбаев, облыс әкімінің орынбасары, ТЖД басшылығы, ардагерлер мен ауыл тұрғындары қатысты.

Өрт сөндіру бекеті  екі шығуға арналған, 8 мыңға жуық адам тұратын бес елді мекеніне қызмет көрсететін болады. Сонымен қатар, 15 мыңнан астам  гектар ауыл шаруашылығы алқаптары мен өңірдің су айдындарын қамтиды.

"Ауылдық жерлерде өрт-құтқару бөлімшелерінің желісін кеңейту-ТЖМ басты басымдықтарының бірі. Біздің міндетіміз-тұрғылықты жеріне қарамастан әрбір тұрғынды жедел қорғауды қамтамасыз ету.", - деді Кеген Тұрсынбаев.

Іс-шара аясында вице-министр жаңа бөлімшенің  бастығына төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін жеде автокөлікті, өрт сөндіру автоцистернасын және құтқару қайығының кілттерін табыс етті.

Жақсы дәстүр бойынша вице-министр бастаған құтқарушылар "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында ағаш көшеттерін отырғызды, осылайша адамдардың өмірі мен мүлкін ғана емес, қоршаған ортаны да қорғауға деген ұмтылысты атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -