«Таза Қазақстан»: Астанада ТЖМ қызметкерлері сенбілікке қатысты

1199
Фотосурет: Gov

2025 жылғы 26 сәуірде Төтенше жағдайлар министрлігі орталық аппаратының қызметкерлері Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырған жалпықалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті бастама жасаған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты қоршаған ортаны қорғау және халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Еліміздің қалалары мен аудандарын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша тұрақты түрде өткізілетін экологиялық акциялар ТЖМ қызметкерлері үшін жақсы дәстүрге айналды.Мұндай іс-шаралар қалалық ортаны жақсартуға ықпал етеді және табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастырады.

Сенбілікке қатысқан қызметкерлердің әрқайсысы қалада жайлылық пен тазалықты құруда қосқан үлестері үшін қанағаттану, жақсы көңіл-күй мен жағымды әсер алды.

«Таза Қазақстан» акциясы ТЖМ барлық аумақтық органдары мен бағынысты ұйымдарында жалғаса отырып, отанымыздың экологиялық ахуалын жақсартуға, сондай-ақ отандастарымыз үшін таза ортаны құруға ықпал етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -