Қазақстанның мәдениет және өнер саласындағы сегізінші және ең танымал марапаты – Freedom Ticketon Awards премиясына дауыс беру аяқталды. Дауыс беру 3 наурызда басталып, 15-інен 16-сына қараған түні жабылған болатын. Бір жарым айға жуық қазақстандықтар өткен жылы өздерін барынша айқын көрсетіп, қазақстандық өнер мен мәдениет саласына елеулі үлес қосқан өздерінің кумирлеріне белсенді түрде дауыс берді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Биыл дауыс беру механикасы өзгеріп, үш түрге бөлінді: халықтық дауыс беру, номинанттардың дауыстары және ұйымдастыру комитетінің дауыс беруі. Халықтық дауыс беру қазақстандықтар күн сайын үздіктерді таңдаған премия сайтында өтті. Сондай-ақ, биылдан бастап бұрын дауыс беруге қатыспаған үміткерлер промокодтарға ие болды және өздері үшін дауыс бере алмаса да, өз номинациясында дауыс беру мүмкіндігіне ие болды. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері де промокод арқылы дауыс берді.
Компанияның хабарлауынша, дауыстардың «салмағы» келесідей бөлінеді: дауыс беруде кандидат алған дауыстардың максималды нәтижесі 50 ұпайға тең болады. Үміткерлер мен қазылар алқасының дауыс беруінде ұпайлар былайша есептеледі: ұйымдастыру комитеті мүшесінің әрбір дауысы әрбір үміткер үшін тағы 15 ұпай қосады, ал үміткерлердің дауысы қосымша 5 ұпай болып есептеледі. Ендігі, барлық кезеңдер бойынша дауыс беру аяқталғаннан кейін, қорытынды дауыстарын санауды марапаттың тәуелсіз аудиторлық тобы жүргізеді. Оның барлық мүшелері NDA-ға (жарияламау туралы келісім) қол қойды және жеңімпаздар марапатталғанға дейін олардың есімдерін жариялауға құқықтары жоқ.
Халықтық дауыс беру кезінде ұсынылған кандидаттарға жалпы 142 875 дауыс берілді. Еске салайық, «Жылдың отандық фильмі» аталымында көпшіліктің таңдауы бойынша 1354 дауыс жинаған әсерлі «Заманback» комедиясы көш бастап тұр. Екі түрлі заман адамдары арасындағы қарым-қатынас туралы фильм қазақстандық көрерменнің назарынан тыс қалмай, көптеген эмоциялар тудырды.
«Жыл киноактері» номинациясында халық дауыс беруінің көшбасшысы «Заманback» фильмінің басты кейіпкерін сомдаған Рамазан Амантай болды. Атаулы номинацияда 2906 дауыс жинап, «Брат или брак» комедиялық трилогиясымен танымал Дәурен Серғазинді басып озды.
Өткен жылы Астанада өткен әлемге әйгілі Димаш Құдайбергеннің концерті халықтың 4345 дауысын жинап, «Жылдың Қазақстандық концерті» номинациясының абсолютті фаворитіне айналады деп күтілген болатын. Бір қызығы, қазақстандықтардың 3754 дауысын жинап, орындаушының өзі «Әлемдік маңыздылық» номинациясында да көшбасшы болды.
Биылғы Freedom Ticketon Awards марапатына 26 номинация және 6 категория бойынша 250-ден астам үміткер қатысады. Премияның мақсаты – 2024 жылдың түрлі формалар мен жанрлардағы үздік шығармашылық жұмыстарын анықтау, дарынды тұлғаларды ынталандыру және танылуларына жол ашу, сондай-ақ қазақстандықтардың назарын мәдени дәстүрлерді сақтауға және дамытуға аудару.
"Ойын-сауық индустриясы қарқынды дамып келеді, жаңа есімдер мен жаңа іс-шара форматтары пайда болуда. Биыл дауыс беру форматы өзгерді, енді дауыс берудің үш кезеңінің түпкілікті нәтижелері барлығына, соның ішінде бізге, яғни ұйымдастырушыларға, марапаттау рәсімі күні ғана белгілі болады. Көрермендердің, үміткерлердің және ұйымдастыру комитетінің пікірлерін есепке ала отырып, премия өткен жылы ең елеулі болған жаңа қайраткерлер мен мәдени оқиғаларын жарыққа шығарады деп үміттенемін" Freedom Ticketon бас директоры Виктория Торгунакова
Халықтық дауыс беру нәтижелерін сайттан білуге болады.