Қазақстандық гимнастшылар Ташкенттегі Әлем кубогында жоғары нәтиже көрсетті

1529
Фотосурет: Gov

Ташкент қаласында өткен көркем гимнастикадан Әлем кубогінің үшінші кезеңінде Астана қаласы әкімдігінің №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің «Фурор» командасы өнер көрсетіп, қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Спортшыларымыз 5 лента бағдарламасы бойынша жоғары үйлесімділік пен шеберліктің үлгісін көрсетіп, үздік үштіктің қатарына енді. 1-орынды Қытай құрамасы иеленсе, күміс медальді Польша құрамасының гимнастшылары жеңіп алды, деп хабарлайды DKnews.kz. 

«Қыздарымыздың еңбегі ақталды. Олар талмай жаттықты, әр жаттығуды жүректерімен орындады. Бұл – олардың табандылығы мен еңбексүйгіштігінің нәтижесі. Алдағы уақытта да үлкен белестерді бағындыруға күш саламыз», – деді команданың жеке бапкері Меруерт Балғынбаева.

Команда құрамында елордалық гимнасшылар Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Кеңес және Айзере Нұрмағамбетова өнер көрсетті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -