Қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті

1694
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” ӨңҚ баспасөз қызметі

27 сәуір күні Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде тарихи маңызы зор шара – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған қоян-қолтық ұрыстан әскери бөлім біріншілігі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Салауатты өмір салтын насихаттап, жауынгерлік рухты көтеруді мақсат еткен жарысқа бөлім құрамындағы 6 командадан 40-қа жуық спортшы қатысты. Жоғары дайындық пен батылдықты талап еткен тартысты бәсекеде қатысушылар өздерінің шеберліктерін, төзімділіктерін, жауынгерлік машықтарын барынша көрсете білді.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды 1-атқыштар ротасы жеңіп алса, екінші орын 2-атқыштар ротасына бұйырды. Ал үшінші орынға 1-жедел мақсаттағы ротасы лайық деп танылды.

Ұлттық ұлан сапындағы мұндай жарыстар жастардың бойында отансүйгіштік пен жауынгерлік ерік-жігерді нығайтып, тәртіп пен ынтымақты арттыра түсетіні сөзсіз. Бұл – батыр бабалар рухына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа үлгі көрсету жолындағы маңызды іс-шаралардың бірі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -