"Шатырдағы екеу": қазақстандық киноны мақтан етудің тоғыз себебі

1727
Фотосурет: Gov

Қазақстандық «Шатырдағы екеу» фильмі Мәскеуде өткен Fashion Film Festival фестивалінде тоғыз номинация бойынша жеңіске жетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Байқау кино мен визуал өнер саласындағы шығармашыл мамандардың басын қосты. Оған Ресей, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Латвия, Армения және Израиль елдері қатысты.

Отандық туынды үздік костюм (Елена Айтова), үздік музыка (Виктор Сологуб), екінші пландағы үздік әйел рөлі (Ольга Ландина), операторлық жұмыс (Александр Плотников), дыбыс режиссурасы (Руслан Сакиев), басты әйел рөлі (Лидия Ярышева), үздік грим (Татьяна Жамбакеева), продюсерлік жұмыс (Алия Шарипбаева) және креативті концепция (Гүлшат Смағұлова) аталымдары бойынша марапатталды.

«Шатырдағы екеу» – режиссер Гүлшат Смағұлованың тұңғыш режиссерлік жұмысы. Ол 15 жылдан астам кино өндірісі саласында жұмыс істеп келеді. Фильм өткен жылы қазақ және орыс тілдерінде прокатқа шықты. Туындыда тағдыры қиындыққа толы жас жігіт Дамир мен аутизм дертіне шалдыққан жасөспірім Костяның арасындағы достық баяндалады. Шығармашылық топ картинада инклюзияның маңызын және ерекше балалардың қоғамға бейімделу мәселесін көтерген.

Кинотуынды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген. Түсірілім Алматы қаласында және Алматы облысындағы Талғар ауданында өткен.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -