Қазақстан мен Люксембург Еуропалық одақ пен Бенилюкс шеңберінде қатынастарды нығайтуда

1452
Фотосурет: Аkorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Әсіресе, энергетика, қаржы, цифрлық технология, инновация және басқа да салалардағы өзара тиімді кооперация мәселесіне баса мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люк Фриден Еуропа Одағы аясындағы серіктестік әлеуетін пайдаланудың, сондай-ақ Бенилюкс елдерімен ықпалдастықты күшейтудің маңызына назар аударды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -