«Таза Қазақстан»: Астанада спорттық эстафета өтті

2519
Фотосурет: Gov

Елордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Нұра ауданының әкімдігі мектеп оқушылары арасында «Кім жылдам» атты спорттық эстафеталық жарыс ұйымдастырды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Шараға барлығы 60 оқушы қатысып, үш командаға бөлініп өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Бүгінгі спорттық жарыс командалық форматта өтті. Сайыстың басты мақсаты – оқушылар арасында достықты, ұйымшылдықты және рухты нығайту. Сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатқа ұқыпты қарауға баулу», — деді Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының маманы Гүлнар Базарханова.

Сайыс үш кезеңнен тұрды. Алдымен оқушылар командалық эстафетаға қатысты. Кейін жарысқа қатысушылар белгіленген аумақта қоқыс жинап, оның көлемі мен жиналу уақытына қарай бағаланды. Нәтижесінде өз аумағындағы қоқысты ең көп әрі ең жылдам жинаған команда жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлықтармен және алғысхаттармен марапатталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -