Қазақ армиясы – оқушылар көзімен

1254
Фотосурет: Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Әскери бөлімде «Ашық есік күні» өткізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 44736 әскери бөлім аумағында Семей қаласындағы №49 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына арналған «Ашық есік» күні өткізілді.

Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға 8-9 сынып оқушылары қатысты. Әскери бөлім аумағында ұйымдастырылған шара аясында оқушылар әскери өмірді көріп, әскери киім үлгілерімен және қару жарақ түрлерімен танысты. Шара аясында әскери қызметшілер қонақтарға заманауи атыс қаруының мүмкіндіктері, қорғаныс құралдарының техникалық сипаттамалары туралы айтып берді.

Бұдан өзге оқушылар бөлім аумағына экскурсия жасап, спорт қалашығы мен сарбаздардың тұратын казармалармен танысты. Сонымен қатар саптық алаңда келген қонақтарға саптық дайындықтың орындалу тәсілдері көрсетілді.

"«Ашық есік» күні аясында оқушыларға әскери тәртіп туралы, сондай-ақ әскери қызметтің, жауынгерлік және оқу-жауынгерлік тапсырмалардың өту тәртібі туралы айтып түсіндірілді. Әскери - патриоттық тәрбие беру – жастарға өз елі мен Отанын сүюге үйрететін, оларды адалдыққа тәрбиелеудегі басым бағыттардың бірі болып табылады" 44736 әскери бөлім командирінің орынбасары майор Айдос Куашов

Шараға келген оқушылар әскери бөлім қызметкерлеріне осындай ұйымдастырылған шара үшін алғыстарын білдіріп, олардың ел қорғау ісіне табыстар тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -