Өскеменде ұландықтар тау бағындырып, ерекше челлендж жолдады

1254
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Жеңіс күні қарсаңында "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6699 әскери бөлім сарбаздары Өскемен қаласында ерекше патриоттық науқан ұйымдастырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шараның басты оқиғаларының бірі – өңірдің табиғи көрнекті жерлерінің бірі саналатын Қазақстан тауына ұжымдық жүгіріс болды. Ұландықтар қолға алған челлендж символдық мәнге ие болып, салауатты өмір салтын насихаттауға, патриотизмді нығайтуға және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы  жауынгерлер ерліктерін ұрпақ жадында сақтауға бағытталған. Жүгіріске әскери қызметшілермен қатар, патриоттық “Жас бүркіт” сынып оқушылары және еріктілер қатысты.

"Қазақстан тауынан Өскемен алақандағыдай көрінеді екен. Мен челлендж арқылы шығыстағы шырайлы аймақтың тұмса табиғатына куә болдым. Сонымен қатар  аспанға қолын созған Алтайдың сілемін еңсеру арқылы физикалық қабілетімді арттырдым. Ұлттық ұлан сарбаздары үшін аталмыш шара патриоттық рухты нығайтудың жарқын үлгісіне айналғандай. Челленджді ерекше ұйымдастырған әскери бөлім командиріне алғысым шексіз" 6699 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Әділ Құттыбаев

Жеңіс күніне арналған челленжді Павлодар қаласындағы 5512 әскери бөлімінен қабыл алған Өскемендегі әскери бөлім әрімен қарай эстафетаны Курчатов қаласындағы 3514 әскери бөліміне жолдады. Айта кетейік, Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер арасында белсенді түрде жүзеге асқан челлендж мақсаты

 Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетіп, елінің тыныштығы мен болашағы үшін күрескен батырлар ерлігін ұлықтау.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -