Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағы жаңа музей кешенінің бір бөлігіне айналды

1749
Фотосурет: Gov

Алматыда Қорғаныс министрлігі ашық аспан астындағы әскери техника мұражайының тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков әскери оркестрдің сүйемелдеуімен символдық лентаны салтанатты жағдайда кесті.

Іс-шараға Алматы өңірлік гарнизонының, Ұлттық ұланның, ҰҚК Шекара қызметі академиясының басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, әскери жоғары оқу орындарының курсанттары және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.

Жиынды Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев ашты.

"Біздің ата-бабаларымыз осы қару-жарақ пен әскери техникамен Мәскеу мен Ленинградты қорғады, Сталинград пен Ржев маңындағы қанды шайқастарға қатысып, Украина мен Беларусьті, Балтық жағалауы мен Польшаны азат етті, біраз Еуропа елдеріндегі шайқастарға қатысты. Бұл мұражай бүгінгі буынға қазақстандық жауынгерлер – Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Рахымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және тағы басқа батырлардың сұрапыл соғыс жылдарынан қалған жәдігерлерін көрсететін орын" Генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев

28 панфиловшылар саябағына және Армия үйіне келушілер Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңес әскерлері қаруланған әскери техниканы, яғни Т-34, Т-44, Т-55 танктерін, 1931 жылғы 230 мм гаубицаларын және «Катюша» реактивті артиллериясының әйгілі БМ-13 жауынгерлік машинасын көре алады.

Биыл сондай-ақ, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Армия үйі қалпына келтірілді. Оның алдыңғы жағында жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру үрдістерін көрсететін заманауи барельеф орнатылған.

Армия үйінің ғимаратында Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың филиалы бар.  Ашылғаннан кейін онда балалар әскери-патриоттық клубтары жұмыс істей бастайды. Концерттік және мәрмәр залдарда, Жауынгерлік даңқ мұражайында күрделі жөндеу жүргізілді. Балалардың әскери-патриоттық фильмдерін түсіру үшін үлкен заманауи кинопавильон құрылды.

"Алматы үшін Армия үйінің мәдени маңызы зор. Ғимарат сәулет ескерткіші ретінде белгілі. Біз қаланың және бүкіл Қазақстанның ең қасиетті көрікті жерлерінің бірі ретінде оның таза келбетін қастерлеп, сақтауға міндеттіміз" Қорғаныс министрінің орынбасары

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -