«Шығыс рапсодиясы»: Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылған хореография салтанаты

1364
Фотосурет: Астана Балет

2025 жылдың 1-мамырында «Астана Балет» театрының сахнасында би мен мәдениет мерекесіне баланатын «Шығыс рапсодиясы» хореографиялық дивертисменті көрсетілді.

Бұл бірегей концерт Қазақстан, Қытай, Үндістан, Түркия және Жапонияны қоса алғанда, Азияның түрлі елдерінің халық билері мен әуендерін біріктіріп, Шығыс мәдениетінің байлығы мен алуан түрлілігін бейнелейтін ғажайып хореографиялық қойылым, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бағдарламадағы әрбір миниатюра жай ғана би емес, халық, оның рухы, философиясы мен дәстүрі жайлы баяндап берді. Көрермен қауым жапондық ұстамдылық түрік құмарлығымен алмасып, іле-шала қытай поэзиясына ұласқанына, содан кейін Үндістанның хош иістеріне толы Шығыстың тартымдылығына куә болып, ақыры туған қазақ даласына оралды. Бұл элементтердің барлығы бірегей мәдени калейдоскопты құрады.

Бұл концерт 2013 жылы «Астана Балет» труппасының «Шығыс рапсодиясы» деп аталатын алғашқы қойылымына құрмет іспетті. Уақыт өте Театр қазақстандық әрі шетелдік көрнекті хореографтармен, композиторлармен және суретшілермен шығармашылық ынтымақтастықтың арқасында жинақтаған шеберліктің жоғары деңгейін көрсете отырып, осы тақырыпқа тың серпінмен қайта оралды.

Жарқын сценография, көркем костюмдер, терең этномузыкалық компонент, ең бастысы – балет әртістерінің орындаушылық шеберлігінің арқасында бұл кеш көңіл төрінен орын алды. «Шығыс рапсодиясы» – сан-алуан мәдениет – бөлуші емес, біріктіруші күшке айналған көпұлтты Қазақстанның символындай. Бұл кеш – халықтардың әртүрлілігі мен бірлігінің салтанатына айналды.

Би мен музыка арқылы Театр – еліміздің мәдени сан-алуандығының қуаты мен сұлулығын паш етті. «Шығыс рапсодиясы» мәдениет, құрмет пен бірлік – қоғамымыздың негізі болып табылады және дәл осындай құбылыстар арқылы байланыс нығайып, өзара түсіністік пен бейбітшілікке негізделген болашақ құрылады деген түпкі ойын би тілімен жеткізе білді.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -