Алматыда соңғы 15 жылда алғаш рет төрт субұрқаққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі: әкімдік маңындағы Шығыс және Батыс субұрқақтары, Республика алаңындағы және Ғ. Мүсірепов атындағы театр жанындағы субұрқақтар қалпына келтіріледі, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бұған қоса, қазіргі таңда Сайран көлі маңындағы аумақты көркейту 90% аяқталған: Германияның «Lorberg» тәлімбағынан әкелінген биіктігі 6 метрден асатын 200 ағаш және 3 300 бұта егілді.
Қалалық қоғамдық кеңістіктерді дамыту аясында Назарбаев даңғылы мен Ганди көшесінің қиылысында жаңа сквер салынады. Бұл аумақта 50 ірі ағаш егіліп, инженерлік желілер тарту және резервуар құрылысы жүргізіліп жатыр.