Астанада «Қазақ даласы – Жеңістің алтын бесігі» атты мерекелік концерт өтті

2750
Фотосурет: Gov

Бейбітшілік және келісім сарайында Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған концерт өтті. Іс-шараға тыл еңбеккерлері, Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың ардагерлері мен әскери қызметшілері, сондай-ақ Премьер-министр Олжас Бектенов, Мемлекеттік Кеңесші Ерлан Қарин, қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Белгілі қазақстандық мәдениет қайраткерлері, жетекші әртістер, оркестрлік, хор және би ұжымдары әскери қызметшілерге, Қарулы күштердің ардагерлеріне, әскери колледж бен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілеріне арнап паториоттық композициялар мен соғыс жылдарындағы әндерді орындады.

Эстрадалық-симфониялық оркестр мен фольклорлық-этнографиялық ансамбльдің орындауында Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйі орындалды. Біріккен шығармашылық ұжым ұлы дала әуендері мен оркестрлік музыканың күшін біріктіре отырып, ұлы композитордың дүниетанымын шебер жеткізе білді.

Жоңғар шапқыншылығының ауыр кезеңіндегі қазақ халқының басына төнген қауіп-қатер, азап-қиыншылықты, боскан елдің мұң-зарын толғайтын тарихи сазды «Елім-ай» орындалды.

«Соғыс хаттары» мизансценасында Әлия есімді бойжеткен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға үндеу жолдау арқылы тақырыптың идеялық мазмұнын бейнелі түрде көрсете білді. Көңіл толқытарлық көрініс «Әлия» әнінің орындалуымен аяқталды.

«Жас қазақ», Журавли», «Тальяночка», «Три танкиста», «Яблочко», «Эх, дороги», «Синий платочек», «Катюша», «Ехал я из Берлина» және «Майский вальс» әндерін көрермен жылы қабылдады.

Солистер мен вокалдық топтардың, сондай-ақ, хор ұжымдарының орындауында әскери-патриоттық тақырыптағы «Қарулы күштер», «Ғасырлар үні», «Ұмытпаймыз», «Мен қазақ», «Қазақстан – байтақ дала», «Сауыт» және «Атамекен» әндері шырқалды.
Концертті К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің домбырашылары мен солистері «Жеңіс күні» және «Атамекен» әндерімен қорытындылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -