Астанада ардагерлерге қалай қамқорлық көрсетіледі: Орталық клиникалық госпитальдағы медициналық көмек.

2728
Фотосурет: Gov

Астана қаласындағы Ардагерлерге арналған Орталық клиникалық госпитальде жыл сайын 2,5 мыңға жуық адам медициналық көмек алады. Олардың қатарында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, интернационалист-жауынгерлер, Чернобыль апатына қатысқандар, саяси қуғын-сүргін құрбандары, Семей полигонынан зардап шеккендер және оларға теңестірілген өзге де азаматтар бар, деп хабарлайды DKnews.kz.

Госпиталь пациенттерінің орташа жасы шамамен 70 жасты құрайды.

Стационарда рентгенография, ФГДС, барлық түрдегі УДЗ, ЭКГ, СМАД және басқа да зерттеп-қарауларды қамтитын толық консультациялық-диагностикалық көмектің толық спектрі көрсетіледі.

Мекемеде асептикалық блоктары бар госпиталдық фармация бөлімі, өз зертханасы және диетолог дәрігердің бақылауымен емдік тағам әзірленетін асхана жұмыс істейді.

Жеңіс күні қарсаңында госпиталге Парламент Сенатының депутаттары келді. Іс-шараға Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов пен госпиталдің директоры Динара Уразалина қатысты.

Депутаттар медициналық көмектің жағдайымен танысып, бөлімшелерді аралап, пациенттермен және медицина қызметкерлерімен әңгімелесті.

Назар аударылған басты мәселелер — заңнамалық нормалардың жүзеге асырылуы, ресурстық қамтамасыз ету және ардагерлер мен оларға теңестірілген азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау деңгейі.

Сенаторлар әскери-медициналық жүйені одан әрі нығайтудың, нормативтік базаны жетілдіру мен ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -