Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Отан қорғаушылар күніне орай өз ардагерлерін мерекемен құттықтап, арнайы құрмет көрсетті, деп хабарлайды DKnews.kz.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Арман Сеитов және «Шығыс»өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының кеңесшісі, ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Айдар Оразбаев Отан соғысының және Ұлттық ұлан ардагері, отставкадағы подполковник 90 жастағы Гагарин Иван Фёдоровичті Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі қарсаңында арнайы құттықтап барды.
Тоқсан жастан асқан тыл еңбеккері әлі де тың. Ол үй ауласында 5518 әскери бөлімінің әскери оркестрі орындаған музыкалық шығармарды сүйсіне тыңдады.
"Біз ардагерлерді қашанда құрмет тұту керекпіз.Өйткені, алдағы буын ағаларға қарап, жастарымыз бой түзейді.Сондықтан, біз әр мерекеде өз ардагерлерімізді ұмытпай, үйлеріне арнайы барып, сыйлықтар мен алғыс хаттарымызды табыстап, барынша құрмет көрсетіп келеміз" «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Арман Сеитов
Айта кетейік, 27 қыркүйекте Иван Федорович өзінің 88 жылдық мерейтойын атап өтті. Ол еңбек жолын 7 жасынан колхозда бұзауларды бағуға және көкөніс көшеттерін күтуге көмектесуден бастады.
1954 жылы 1 қыркүйекте КСРО Қарулы Күштеріне шақырылып, 33 жылға жуық қызмет етті. 1992 жылдан 1996 жылға дейін 6638 әскери бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы болды. Иван Федорович III дәрежелі "КСРО Қарулы Күштеріндегі Отанға қызмет еткені үшін" ордені, "В.И. Лениннің 100 жылдығына арналған әскери ерлігі үшін", "КСРО Қарулы Күштерінің ардагері" медальдары және көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталған.