Астана тұрғындары ҰОС ардагерін үйінің ауласында құттықтады

1474
Фотосурет: Gov

Астананың Алматы ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Рзағұл Байкешевке құрмет көрсетілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жеңіс күні Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесіндегі үйдің ауласында майдангерге әскери оркестрдің қатысуымен нағыз мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

ҰОС ардагерінің құрметіне арналған шараны Алматы ауданы әкімдігі мен Қазақстан Қарулы Күштерінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы ұйымдастырды.
Майдангерді құттықтауға туған-туыстары, көршілері, мектеп оқушылары, әскери-патриоттық ұйымдардың мүшелері мен қонақтар жиналды.

«Баршаңызды Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіз біздің мақтанышымыз, ерлік пен қайсарлықтың үлгісісіз. Сізге денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт аспан тілейміз. Ерліктеріңіз үшін, келешек ұрпақ үшін жасаған барлық ісіңіз үшін мың алғыс», – деп аудан әкімі Рүстем Тәуекелов ардагерді құттықтады.

Құттықтаулар Қорғаныс министрлігі оркестрінің орындауындағы әскери-патриоттық шығармалармен жалғасты.

Ардагерге гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етіліп, ерлігіне алғыс сөздер айтылды.
Рзағұл Байкешевтің өзі де жиналғандарға алғыс сөздерін арнады.

«Ғұмырларың ұзақ болсын. Өз елдерің үшін мықты болыңыздар! Еңбектеріңізге сәттілік. Бар тілегім орындалсын. Алдарыңда жолдарың ашық, дендерің сау, көңілдерің көтеріңкі болсын!» – деп тіледі майдангер.

Ардагердің шөбересі, 10 жасар Әлия Талғатқызына ерекше назар аударылды. Ол батыр атасына қалай қамқорлық жасайтынын айтып берді.

«Анам мен әкем жұмыста болғанда, мен оған қараймын оған шай әкелемін, тамақтандырамын, бірге қыдырамыз. Ол 102 жаста, жақсы жүріп, анық сөйлейді. Ол соғыс туралы айтпайды, есіне алғысы келмейтін шығар», – дейді ардагердің немересі.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің бастығы, подполковник Біржан Жөтековтың айтуынша, ардагердің құттықтауы Отан қорғаушылардың ерлігін насихаттауға бағытталған аудандық акцияның бір бөлігі болды.

«Әкімдікпен бірлесе отырып, бір ҰОС ардагері мен 10 тыл еңбеккерін құттықтау шарасын ұйымдастырдық. Мұндай кездесулер әсіресе жастар үшін өте маңызды, олар арамызда батырлар өмір сүретінін білуі керек. Олардың өмірлік үлгілері жас ұрпаққа күш береді, тәрбиелей берсін» - деді ол.

Аула тұрғындары естеліктерін айтып, ардагермен суретке түсіп, құттықтауларын жалғастырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -