Астанада Тыл бастығы басқармасының әскери қызметшілері, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері және Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық оркестрінің музыканттары Рзағұл Байкешевті Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Тыл бастығы басқармасының өкілі ардагерге Қорғаныс министрінің құттықтауын жеткізіп, бағалы сыйлық табыс етті.
Майдангер әскери қызметшілерге табысты қызмет, отбасылық амандық және ашық аспан тіледі.
Ардагерге сыйлық ретінде әскери оркестрдің музыканттары соғыс жылдарындағы шығармаларды орындады.
Рзағұл Байкешев 1923 жылы 18 қазанда Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында дүниеге келген. Ол 1933 жылы мектепке барып, 1939 жылы бітірді. Соғысқа дейін совхозда жұмыс істеген.
Майданға 1943 жылы шақырылды. Кеңес әскерлерінің құрамында Ржев қаласы маңындағы шайқастарға, Великте Луки шабуыл операциясына қатысты. Польша, Румыния және Венгрия нв жаудан азат етті. Отанына ефрейтор шенімен оралды.
Ырзағұл Байкешев I және II дәрежелі Отан соғысы орденімен, Жуков медалімен және басқа да наградалармен марапатталған.
Рзағұл Байкешев екі ұл тәрбиелеп, олардан бірнеше немере-шөбере сүйді. Қазір немересі Талғатпен тұрады.