FlyArystan Астана – Газипаша бағытында чартерлік рейстерді іске қосады

1606
Фотосурет: FlyArystan баспасөз қызметі

FlyArystan қазақстандық лоукостері чартерлік тасымалдар бағытында белсенді түрде дамуын жалғастырып, қазақстандық туристерге жаңа мүмкіндіктер ұсынуда, деп хабарлайды DKnews.kz.

2025 жылдың 28 мамырынан бастап әуекомпания Астанадан Газипаша қаласына алғашқы тікелей рейстерін іске қосады. Газипаша– Түркияның Анталия провинциясындағы қала.

Қазақстан астанасы мен Газипаша арасындағы рейстер 2025 жылғы 28 мамырдан бастап 29 тамызға дейін аптасына екі рет – сәрсенбі және жұма күндері орындалады.

Газипаша – Түркияның оңтүстігінде орналасқан әдемі курортты қала, Аланьядан 46 шақырым қашықтықта орналасқан. Белсенді туристік аймақтардан ерекшелене отырып, Газипаша өзініңжайлы әрі жайлы атмосферасымен демалушылар үшін барынша қолайлы тынығу жағдайларын ұсынады. Туристерді тыныш жағажайлар, кристалдай таза теңіз, көркем тау пейзаждары мен бай тарихи мұра күтеді.

Газипаша әуежайы – Түркияның шығыс жағалауына саяхаттайтын туристер үшін Анталия халықаралық әуежайына ыңғайлы балама. Ол Аланья, Махмутлар, Кестель, Оба, Авсаллар және Конаклы сияқты танымал курорттарға жету уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Соныменқатар, жаңа бағыт арқылы туристер Сиде мен Белек секілді танымал курорттарға да оңай жететін болады. Газипаша әуежайы өзінің шағын әрі заманауи инфрақұрылымымен, сондай-ақ аз жүктелгендігімен ерекшеленеді, бұл паспорттық бақылаудан бастап жолжүкті алуға дейінгі барлық ресми рәсімдерді жеңілдетіп, саяхатшыларға жайлы әрі ыңғайлы сапарлауға мүмкіндік береді. Әсіресе, балалармен саяхаттаушылар үшін бұл өте ыңғайлы.

FlyArystan туроператорлармен серіктесе отырып, 2025 жылғы мамыр мен қыркүйек айлары аралығында Анталияға төмендегі бағыттар бойынша чартерлік рейстерді ұсынады:

  • Атырау – 24 мамырдан 30 тамызға дейін, бейсенбі және сенбі күндері;
  • Ақтау – 23 мамырдан 31 шілдеге дейін, жұма күндері, 2-31 тамыз аралығында сенбі күндері;
  • Шымкент – 28 мамырдан 31 тамызға дейін, сәрсенбі және жексенбі күндері;
  • Ақтөбе – 23 мамырдан 29 тамызға дейін, дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері;
  • Орал – 23 мамырдан 5 қыркүйекке дейін, сәрсенбі және жұма күндері;
  • Қарағанды – 31 мамырдан 30 тамызға дейін, сенбі күндері;
  • Қостанай – 22 мамырдан 13 қыркүйекке дейін, сенбі күндері;
  • Қызылорда – 29 мамырдан 28 тамызға дейін, бейсенбі күндері.

Газипаша мен Анталияға чартерлік рейстер билеттері туроператорлар арқылы сатып алуға қолжетімді. Билет құнына 20 кг жолжүк, 5 кг қолжүгі және ұшақтағы ыстық тамақ кіреді. Билеттермен турлар бойынша толық ақпараттарды өз қалаларыңыздағы туристік агенттіктерден біле аласыздар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -