Астанадағы iKOMEK109 15 миллионнан астам өтініш қабылдады

1606
Фотосурет: Gov

Тіршілікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы маңызды межеге жетті ‒ 2018 жылдан бастап қала тұрғындарынан 15 миллионнан астам өтініш қабылданды, деп хабарлайды елорда әкімдігіні ресми сайты.

Жыл сайын орта есеппен 2,2-2,3 миллион өтініш түседі, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл сервистің жоғары сұранысын және азаматтардың жүйеге деген сенімін білдіреді.

iKOMEK109 елорда әкімдігінің фронт-офисі ретінде барлық 24 қалалық басқарманы, 6 аудандық әкімдікті, 24 коммуналдық қызметті, 79 лифт шаруашылығын және қаланың тұрғын үйлеріне қызмет көрсететін 1 370-тен ұйымды қамтиды.

Күн сайын iKOMEK109 операторлары түрлі сипатта 3-8 мың аралығында қоңырауларды, соның ішінде лифтте тұрып қалған адамдар, ашық құдықтар, электр кабельдерінің үзілуі және жедел араласуды қажет ететін басқа жағдайлар сияқты шұғыл қоңырауларды өңдейді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -