Гүлденген қала: Алматыда барлық аудандарды көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

1342
Фотосурет: t.me/almaty_akimat

2025 жылы Алматыда 120 мың шаршы метрден астам аумақ көгалдандырылмақ. Оның 64 пайызы көпжылдық өсімдіктер. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда бір жарым есе көп көрсеткіш әрі табиғи ортаға тұрақты, экологиялық тәсілге көшу жолындағы маңызды қадам, деп хабарлайды DKnews.kz.

15 сәуір мен 15 мамыр аралығында қала жағдайына бейімделген раушан, лаванда, шайқурай, гортензия сынды көпжылдық өсімдіктер отырғызылуда. Сонымен қатар, биыл 6 мыңнан астам тік көгалдандыру элементі орнату жоспарланған.

2024 жылдың күзіне қарай 15 мың шаршы метрге жуық пияз текті өсімдіктер (қызғалдақтар және басқа түрлер) отырғызылып, қазір гүлденіп тұр. Ауа райы қолайлы болса, қызғалдақтар мамырдың ортасына дейін гүлдеп тұрады.

Жоба қаланың барлық ауданында жүзеге асырылып жатыр. Оған 300-ден астам маман мен 70-тен аса арнайы техника жұмылдырылған. Көпжылдық өсімдіктерге көшу – күтіп-баптау шығындарын азайтып, өсімдіктердің сыртқы әсерге төзімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -