Алматы гарнизонында сарбаздар Жауынгерлік тумен қоштасты

1496
Фотосурет: Gov

78460 әскери бөлімі мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында әскери қызметшілерді шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Өткен көктемде әскерге шақырылған мерзімді қызметтің жүзден астам сарбазы үйлеріне қайтты. 

Салтанатты жағдайдағы шығарып салу рәсімі, Жауынгерлік тумен қоштасу және командирлердің ізгі тілектері жауынгерлердің есінде қалмақ.  

Әскери қызметшілерге Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша сарбаздар аналары комитетінің өкілі Татьяна Тропина сөз сөйледі.

Дәл бір жыл бұрын мен сендердің ант бергендеріңе куә болдым. Қызмет барысында біз достасып, жақын туыстардай болып кеттік. Азаматтық өмірде әрқайсыңа сәттілік тілеймін Татьяна Тропина

Үлгілі әскери тәртібі мен жауынгерлік дайындықтағы жақсы көрсеткіштері үшін бірқатар сарбаздарға кезекті әскери атақтар берілді, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталып, ата-аналарына алғыс хаттар жолданды.

Сендер әскерде тәртіпке бағынып, әскери білімге үйрендіңдер. Сол арқылы Отанды қорғауға дайын саналы адам болып қалыптастыңдар Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы генерал-майор Нұртас Қабақов

Естеріңізге сала кетейік, Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылушылар арасында мотивацияны арттыруға бағытталған «Срочники 2.0» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға ерекше назар аударып отыр. Соның арқасында сарбаздар грантпен әскери және азаматтық жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік алды. Биылғы жылы бұл жоба тегін оқытумен қатар жатақханамен және шәкіртақымен қамтамасыз етуді көздеп отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -