«Таза Қазақстан»: Түркістан облысынан 7 мың тоннадан астам қалдық шығарылды

1969
Фотосурет: Gov

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарды талқылау және алдағы міндеттерді айқындау мақсатында жиналыс өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жиын барысында өңірде өткізілген тазалық шаралары, экологиялық жағдайды жақсарту бағытындағы нақты істер мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар пысықталды. Сонымен қатар аудан-қала әкімдіктерінің, тиісті басқармалар мен мекемелердің жұмыстары сараланып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жаңа бастамалар ұсынылды.

Атап айтсақ, 3 наурыз бен 12 мамыр аралығында өңірде 1867 экологиялық іс-шара ұйымдастырылып, оған 327 мыңнан астам тұрғын атсалысты. Акция аясында облыс көлемінде 509 839 түп ағаш отырғызылды. Іс-шараларға 2081 арнайы техника жұмылдырылып, 7614 тонна тұрмыстық қалдықтар мен қоқыс шығарылды. Сондай-ақ @tazaqazbot телеграмм чат-бот арқылы 2107 өтінім түсіп, 2069-ы дер кезінде орындалды. Ал 38 өтінім орындалу барысында тұр.

Мәжіліс соңында жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар беріліп, акцияның сапалы әрі тиімді жалғасуын қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -