ҚР МАМ Дін істері комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды

1628
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Әнуар Нұрманұлы Хатиев ведомствоның Дін істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды DKnews.kz. 

1982 жылы Алматыда дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін, Д. А. Қонаев атындағы университетті, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Астана қаласы бойынша Жер ресурстары және жерге орналастыру жөніндегі еншілес мемлекеттік кәсіпорыны Заң бөлімінің маманы болып бастаған. 

2005–2007 жылдары – Түзету мекемелерінде заңдылықты қадағалау бойынша Көкшетау қаласы прокурорының көмекшісі.  

2007–2008 жылдар аралығында ҚР Индустрия және сауда министрлігі Бақылау және реттеу комитетінің Талап қою бөлімінің құрылымында түрлі қызметтерді атқарған. 

2007–2014 жылдар аралығында  ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің құрылымында түрлі қызметтерде жұмыс істеген. 

2015–2016 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары.  

2016–2019 жылдары – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаментінің директоры, «Электрондық үкіметті» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаментінің директоры.

2019–2023 жылдары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары.  

2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -