Қазақстандық лоукостер FlyArystan жаңа халықаралық бағыт – Атырау – Ташкент – Атырау бойынша рейстерге әуебилеттерінің сатылымы ашылғанын хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz.
2025 жылғы 15 шілдеден бастап бұл жаңа әуе бағыты Қазақстанның батысын Өзбекстан астанасымен тікелей байланыстырады. Шілде мен тамыз айларында рейстер аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Қыркүйек және қазан айларында ұшулар дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері жүзеге асырылады.
«Біздің мақсатымыз – Қазақстанның барлық өңірлеріндегі тұрғындары үшін халықаралық сапарларды қолжетімді ету. Біз Орталық Азия бағыттарына тұрақты қызығушылықты байқап отырмыз және Атырау – Ташкент бағыты туристер мен іскер жолаушылар арасында сұранысқа ие болатынына сенімдіміз. Атырау – Қазақстанның маңызды экономикалық орталығы, ал Ташкентпен тікелей әуе қатынасы бизнесті дамытуға, мәдени байланыстар мен отбасылық сапарларға жаңа мүмкіндіктер ашады. FlyArystan аймақтың ірі қалаларын Қазақстанмен байланыстыратын ыңғайлы халықаралық рейстерді ұсына отырып, өз маршруттық желісін белсенді түрде дамытуды жалғастырады» «FlyArystan» АҚ Президенті, Ричард Леджер
Билеттердің бағасы бір бағытқа 34 000 теңгеден басталады. Билет құнына борттағы кездейсоқ орын және 5 кг-ға дейінгі (өлшемі 56×23×36 см-ден аспайтын) бір дана қолжүгі кіреді. Билеттерді FlyArystan мобильді қосымшасы, www.flyarystan.com ресми сайты немесе өзге де қолжетімді арналар арқылы сатып алуға болады.
Жаңа рейспен қатар, FlyArystan 2023 жылдың шілде айынан бастап Астана мен Ташкент арасында дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері тұрақты тікелей рейстерді орындап келеді.