Өскемен қаласында түрме аумағына ұялы телефон лақтырмақ болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды DKnews.kz.
№16 түзеу мекемесінің қызметкерлерімен бірге Ұлттық ұланның 6699 әскери бөлімінің рота командирінің бақылаушылар қызметі жөніндегі орынбасары тыйым салған аймақтың бірін торауылдау кезінде бүркемелі қоршаудың сыртқы жағынан ішке қарай белгісіз заттарды лақтыруға әрекеттенген Ф. есімді азаматты қолға түсіреді.
Тексеру барысында бұрын сотты болған ер адам түзеу мекемесіне SIM картасы бар бірнеше смартфон, зарядтау құрылғысы, тоғыз жұп құлаққап және дәрі-дәрмек пен жөргектер лақтырмақ болғаны анықталды.
Тыйым салынған заттар жедел түрде тәркіленіп, акт жасалып, құзырлы органдарға тапсырылды. Бұған дейін ер адам сол мекемеде жазасын өтеген.