Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Жас құтқарушы» республикалық жарыстарының өткізіліп жатқандығын хабарлайды. Іс-шараға 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысуда, ол мамыр айының соңына дейін жалғасатын болады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Өңірлік кезеңдер Астанада, сондай-ақ Жетісу, Абай, Павлодар, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында өтті. Жеңімпаздар шілде айында Көкшетау қаласында жас құтқарушылардың республикалық слетінде жиналады.
Жарыс жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету мен әрекет ету дағдыларын дамытуға, сондай-ақ құтқарушы мамандығын танымал етуге және болашақ мамандарды даярлауға бағытталған.
Слет бағдарламасына мыналар кіреді:
- «Визит карточкасы»
- «Газет – жарнама қалқаны»
- «Өрт эстафетасы»
- «Алғашқы көмек көрсету»
- «Техногендік авария аймағындағы авариялық-құтқару жұмыстары»
- «Іздестіру-құтқару жұмыстары»
- «Су айдынындағы құтқару жұмыстары»
Негізгі міндеттердің бірі оқушылардың өрт кезінде және басқа да қауіпті жағдайларда қорғау тәсілдері туралы хабардар болуын арттыру болып табылады. Жарыс жасөспірімдердің физикалық дамуына, командалық рухты нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға да ықпал етеді.