2024 жылғы 14 мамырда Air Astana Астана мен Вьетнамның Дананг қаласы арасындағы алғашқы тікелей рейсті орындап, Вьетнам бағытындағы маршруттық желісін кеңейтті. А321LR әуе кемесі Астананың халықаралық әуежайынан сағат 22:55-те ұшып шығып, жергілікті уақыт бойынша 08:25-те Дананг халықаралық әуежайына қонды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Air Astana Данангқа тікелей тұрақты рейстерді аптасына екі рет – сәрсенбі және жексенбі күндері орындайды.
Дананг – Вьетнамның орталық бөлігінде орналасқан жағалаудағы қала. Қала ақ ұлпа жағажайлары, туристік нысандары және жақсы көлік инфрақұрылымымен танымал. Данангтан бір сағаттық жолда орналасқан Хойан қаласы – Оңтүстік-Шығыс Азияда жақсы сақталған тарихи сауда портының бірегей үлгісі ретінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген.
Жазғы ұшу кестесі аясында Air Astana әуе компаниясы Вьетнам бағытындағы рейстер санын 11-ге дейін ұлғайтты. Қазіргі уақытта Нячанг қаласына рейстер аптасына төрт рет Алматыдан және үш рет Астанадан орындалуда. Дананг бағыты бойынша рейстер аптасына екі рет Астанадан, ал 2025 жылғы 4 маусымнан бастап бұл бағыт бойынша Алматыдан да аптасына екі рейс орындалады. Қазақстан азаматтары Вьетнамда 30 күнге дейін визасыз саяхаттай алады.