«Тосын сыйы бар кір жуғыш ұнтақ»: ұландықтар тыйым салынған заттарды анықтады

1980
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері мен Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №28 мекемесі қызметкерлерінің қырағылығы мен жедел әрекеттерінің нәтижесінде күзетілетін аумаққа тыйым салынған заттарды өткізу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жоспарлы тексеріс кезінде рентген құрылғысының көмегімен әскери қызметшілер тыйым салынған заттардың жасырылғанын анықтады. Аталған заңбұзушылықты 5517 әскери бөлімінің бақылаушы маманы сержант Жаннат Халилова байқады.

Тексеру барысында кір жуғыш ұнтақ салынған қаптаманың ішінен мынадай заттар табылды:

  • 11 ұялы телефон;
  • 7 жұп сымсыз құлаққап;
  • 30 дана сымды құлаққап;
  • 1 дана смарт-сағат;
  • 1 дана флеш-картаға арналған адаптер;
  • 3 дана флеш-карта;
  • Қызыл түсті ерекше иісі бар сұйықтық құйылған бір құты (сараптама тағайындалды);
  • 13 USB шнуры;
  • 4 дана қуаттағыш құрылғы.

Құқықтық тәртіп әскерінің әскери қызметшілері мен түзеу мекемесі қызметкерлерінің үйлесімді әрі кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізу  әрекетінің жолы дер кезінде кесілді.

Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тексеру жүргізілуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -