Катонқарағай ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген жыртқыш аң анықталды

3058
Фотосурет: Gov

Қар барысы Катон-Қарағай ұлттық паркінде фототұзаққа түсті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Катон-Қарағай ұлттық табиғи паркінің Аршаты орманшылығында қар барысы фототұзаққа түсті. Фототұзақты орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан.

Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қар барысы (Panthera uncia) бейнеленген бірегей кадрлар алынды.

Бұл дерек табиғатты қорғау бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсететін маңызды дәлел болып табылады. Жабайы жануарларды бақылау жұмыстары жалғасуда.

Қар барысын бірге сақтайық!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -