Құтқарушылар жоғалған мотоциклшіні тауып алды, деп хабарлайды DKnews.kz.
ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы облысының тауларында жолдан адасқан жігітті іздеуге шықты.
Өтініш иесінің айтуынша, ол мотоциклмен тауға шығып, бағдарынан айырылп, аяғын зақымдап алып қозғалысын жалғастыра алмай қалған.
Құтқарушылар ер адамды Қаскелең шатқалында тапты. Оған алғашқы көмек көрсетілді.