Астанада 2025 жылғы шахматтан Қазақстан чемпионатының финалдық кезеңі басталды

2508
Фотосурет: ©instagram.com / kzchessfederation

Астана қаласы 28 үздік спортшыларды жинайды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Турнир шынайы тартыс, буындар қақтығысы мен жарқын партияларға толы болмақ. Бұл финал – есеп үшін емес, мәртебе үшін. 21 мамыр мен 1 маусым аралығында әдеттегі «өзіміз» және «өзгелер» деген бөлініс болмайды – тіпті бір командада өнер көрсететін шахматшылар да енді қарсы жақта отырады. Достық сахна сыртында қалады – финалда әркім өзі үшін және ел чемпионы атану құқығы үшін ойнайды.

Турнирде екі санат болады  – Open және Women, әрқайсысында 14 шахматшыдан. Форматы –  13 турдан тұратын айналмалы жүйе, уақыт бақылауы – әр партияға 90 минут + әр жүріске 30 секунд.

Іріктеу қатаң жүрді – финалға үздіктер ғана жолдама алды. Олардың қатарында былтырғы жүлдегерлер, жастар біріншілігі мен жартылай финал жеңімпаздары, сондай-ақ Қазақстан шахмат федерациясының (ҚШФ) Жаттықтырушылар кеңесі ұсынған қатысушылар бар:

  •             2024 жылғы Қазақстан чемпионатының 5 үздік шахматшысы
  •             2025 жылғы жартылай финалдың 3 жеңімпазы
  •             2025 жылғы жастар чемпионатының 2 жеңімпазы (U18 және U20)
  •             ҚШФ Жаттықтырушылар кеңесінің 4 номинанты

Финалдың мамырда өтуі – сирек жағдай. Алайда соңғы жарты жылда шахмат күнтізбесі өте тығыз болды: жасөспірімдер мен мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионаттары, Азияның жеке біріншілігі, еліміздің ішкі жарыстары өтті. Қатысушылар финалға сақадай сай келеді – бұл олардың соңғы нәтижелерінен анық байқалады.

Women санатында бақ сынайтындар:

  • Меруерт Камалиденова (2345) – 2021 және 2022 жылғы чемпион
  • Ксения Балабаева (2311) – 2023 жылғы чемпион
  • Амина Қайырбекова (2344) – қазіргі Қазақстан чемпионы
  • Алуа Нұрман (2338) – блиц бойынша Азия чемпионы
  • Елназ Қалиахмет (2258) – 3.4 аймақтың күміс жүлдегері, жасы – небәрі 14

Open санатында тіркелгендер:

  • Қазыбек Нөгербек (2538) – 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы (U20), жаңа толқын өкілі
  • Денис Махнёв (2526) – 2021 және 2024 жылғы Қазақстан чемпионы
  • Алдияр Ансат (2489) – 2023 жылғы чемпион
  • Рамазан Жалмаханов (2456) – 2022 жылғы чемпион

Қатысушылардың жас ерекшелігі турнирдің серпінділігін көрсетеді: ең жасы – 13, ең үлкені – 30 жас. Жас дарындар мен тәжірибелі шеберлер тартысқа түседі.

Жүлде қоры – 20 млн теңге:

  • 1-орын – 3 млн тг
  • 2-орын – 2 млн тг
  • 3-орын – 1,5 млн тг
  • (келесі орындар: 1,2 млн, 900 мың, 700 мың, 500 мың)

Ұйымдастырушылар БАҚ өкілдерін, блогерлер мен фотографтарды шақырады — әр тур жаңалыққа толы болмақ. Алғашқы күні фавориттермен сұхбаттар мен ұйымдастырушылардың пікірлері жоспарланған.

​​​​​​​Өтетін жері:

Қазақстан шахмат федерациясының кеңсесі

Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, «Нұрлы Орда» БО, 11-қабат, B блогы

Өтетін күндері:

2025 жылғы 21 мамыр – 1 маусым

Ашылу рәсімі:

21 мамыр, сағат 14:00

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -