Астана қаласы 28 үздік спортшыларды жинайды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Турнир шынайы тартыс, буындар қақтығысы мен жарқын партияларға толы болмақ. Бұл финал – есеп үшін емес, мәртебе үшін. 21 мамыр мен 1 маусым аралығында әдеттегі «өзіміз» және «өзгелер» деген бөлініс болмайды – тіпті бір командада өнер көрсететін шахматшылар да енді қарсы жақта отырады. Достық сахна сыртында қалады – финалда әркім өзі үшін және ел чемпионы атану құқығы үшін ойнайды.
Турнирде екі санат болады – Open және Women, әрқайсысында 14 шахматшыдан. Форматы – 13 турдан тұратын айналмалы жүйе, уақыт бақылауы – әр партияға 90 минут + әр жүріске 30 секунд.
Іріктеу қатаң жүрді – финалға үздіктер ғана жолдама алды. Олардың қатарында былтырғы жүлдегерлер, жастар біріншілігі мен жартылай финал жеңімпаздары, сондай-ақ Қазақстан шахмат федерациясының (ҚШФ) Жаттықтырушылар кеңесі ұсынған қатысушылар бар:
- 2024 жылғы Қазақстан чемпионатының 5 үздік шахматшысы
- 2025 жылғы жартылай финалдың 3 жеңімпазы
- 2025 жылғы жастар чемпионатының 2 жеңімпазы (U18 және U20)
- ҚШФ Жаттықтырушылар кеңесінің 4 номинанты
Финалдың мамырда өтуі – сирек жағдай. Алайда соңғы жарты жылда шахмат күнтізбесі өте тығыз болды: жасөспірімдер мен мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионаттары, Азияның жеке біріншілігі, еліміздің ішкі жарыстары өтті. Қатысушылар финалға сақадай сай келеді – бұл олардың соңғы нәтижелерінен анық байқалады.
Women санатында бақ сынайтындар:
- Меруерт Камалиденова (2345) – 2021 және 2022 жылғы чемпион
- Ксения Балабаева (2311) – 2023 жылғы чемпион
- Амина Қайырбекова (2344) – қазіргі Қазақстан чемпионы
- Алуа Нұрман (2338) – блиц бойынша Азия чемпионы
- Елназ Қалиахмет (2258) – 3.4 аймақтың күміс жүлдегері, жасы – небәрі 14
Open санатында тіркелгендер:
- Қазыбек Нөгербек (2538) – 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы (U20), жаңа толқын өкілі
- Денис Махнёв (2526) – 2021 және 2024 жылғы Қазақстан чемпионы
- Алдияр Ансат (2489) – 2023 жылғы чемпион
- Рамазан Жалмаханов (2456) – 2022 жылғы чемпион
Қатысушылардың жас ерекшелігі турнирдің серпінділігін көрсетеді: ең жасы – 13, ең үлкені – 30 жас. Жас дарындар мен тәжірибелі шеберлер тартысқа түседі.
Жүлде қоры – 20 млн теңге:
- 1-орын – 3 млн тг
- 2-орын – 2 млн тг
- 3-орын – 1,5 млн тг
- (келесі орындар: 1,2 млн, 900 мың, 700 мың, 500 мың)
Ұйымдастырушылар БАҚ өкілдерін, блогерлер мен фотографтарды шақырады — әр тур жаңалыққа толы болмақ. Алғашқы күні фавориттермен сұхбаттар мен ұйымдастырушылардың пікірлері жоспарланған.
Өтетін жері:
Қазақстан шахмат федерациясының кеңсесі
Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, «Нұрлы Орда» БО, 11-қабат, B блогы
Өтетін күндері:
2025 жылғы 21 мамыр – 1 маусым
Ашылу рәсімі:
21 мамыр, сағат 14:00