Ерлан Қарин этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша басымдықтарды белгіледі

1419
Фотосурет: Akorda

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Басқосуға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері қатысты.

Жиынға қатысушылар қазіргі ахуал туралы баяндап, аймақтарда этносаралық қатынас саласында тұрақтылықты қамтамасыз етуге, азаматтық қоғаммен бірлесіп жұмыс істеуге, мемлекеттік ақпарат саясатын жүзеге асыруға қатысты қолға алынып жатқан шаралар туралы мәлімет берді. Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу және бұл құрылымның форматын жетілдіру мәселесіне айрықша назар аударылды.

Сонымен қатар жиында биыл өтетін маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралар қарсаңында жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайту шаралары талқыланды.

Жиын соңында Мемлекеттік кеңесші жауапты мемлекеттік органдарға этносаралық келісімді қамтамасыз етуге және барлық деңгейдегі үйлестіру жұмысын күшейтуге бағытталған ішкі саяси жұмыстың басым бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -