Қазақстанда салық есептілігінің жаңа СӘИЖ жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жаңа «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі" (СӘИЖ) ақпараттық жүйесін, оның ішінде Салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосу жүргізіліп жатқанын хабарлайды.
Салық төлеушінің кабинетінде келесі нысандар қол жетімді:
- «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік;
- «Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік;
- Тауарлармен электрондық саудасын жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін осындай қызмет бойынша дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар беретін ақпараттар жалпы мәлімет;
- Тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жіберуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар беретін мәліметтер;
- Бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтініші;
- Декларация тапсырылғанға дейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебі (101.01 СЕН);
- Декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі (101.02 СЕН);
- Резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есебі (101.03 СЕН);
- Қол қойылатын бонус және коммерциялық табу бонусы бойынша декларация (510.00 СЕН);
- Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі декларация (560.00 СЕН);
- Экспортқа рента салығы бойынша декларация (570.00 СЕН);
- Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация (590.00 СЕН);
- Жер қойнауын пайдалануға баламалы салығы бойынша декларация (600.00 СЕН).
СӘИЖ СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.
СӘИЖ Салық төлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салық төлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.
Сұрақтарыңыз болған жағдайда сіз:
- knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы
- 8 (7172) 73 55 11 және +7 (705) 956 53 71 телефондары арқылы;
- СӘИЖ СТК-нің Қолдау – Кері байланыс бөліміндегі өтініш нысанын пайдалана отырып Қолдау қызметіне хабарласа аласыз.
Назарларыңызға: СӘИЖ СТК қызметінің іске қосылуына байланысты жоғарыда көрсетілген салық есептілік нысандарын ескі СТК және СЕӨЖ арқылы ұсыну мүмкіндігі бұғатталатынын ескертеміз.