Ұландықтар теңіз жағалауында марафон-челлендж өткізді

1430
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Ақтау қаласындағы Каспий теңізінің көрікті жағалауында ерекше форматтағы марафон-челлендж өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл іс-шара «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдығына арналған мерекелік бағдарламалар аясында ұйымдастырылды.

Шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 3502 әскери бөлімінің жеке құрамы белсене қатысты. Марафон-челлендж жауынгерлердің қызметтен тыс уақытын тиімді өткізіп, олардың дене даярлығын арттыруға, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

"Мұндай спорттық шаралар ұжымдық рухты көтеріп, әскери бауырмалдықты нығайтуға ықпал етеді. Бұл — ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан спорттық дәстүрлерге деген құрметтің белгісі" әскери бөлім командирі, подполковник Бекзат Шакаров

Шара соңында жеке құрам сап түзеп, белсенділік танытқан әскери қызметшілерге алғыс білдірілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -