Қазақстандағы ең үздік 3 мектеп баскетбол командасы

2365
Фотосурет: olympic.kz

Қазақстан астанасында баскетболдан Ұлттық мектеп лигасының финалдық кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жарыстар Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің қолдауымен өтті. Сонымен қатар еліміздің әр өңірінен үздік командалар жиналды.

Ақтық сын - еліміздегі мыңдаған мектеп пен миллиондаған оқушыны қамтыған ауқымды республикалық жобаның шарықтау шегіне айналды.

Баскетбол жарысында Түркістан облысынан келген Далабазар мектебінің оқушылары жеңіске жетті. Күміс жүлдені Жамбыл облысындағы №24 мектеп-гимназиясы иеленді. Астана қаласындағы №62 мектеп-лицейінің жас баскетболшылары үздік үштікті түйіндеді.

Марапаттау рәсіміне Қазақстан ҰОК-нің Бас хатшысы Әлімжан Ақаев қатысты.

"Халықаралық Олимпиада күні қарсаңында Ұлттық мектеп лигасын өткізу - ерекше мәнге ие. Бұл жай ғана спорттық жарыс емес, бұл – өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында олимпиадалық қозғалыстың негізі болып саналатын құндылықтарды: үздіксіз даму, өзара құрмет пен әділдікті – қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Біз мұндай бастамалар арқылы дені сау әрі белсенді қоғамның берік іргетасын қалау мүмкін екеніне сенімдіміз" Әлімжан Ақаев

Айта кетейік, 2025 жылы Ұлттық мектеп лигасы 23 маусымда атап өтілетін Халықаралық Олимпиада күніне арналған іс-шаралар аясында өтіп жатыр. Бұл жобаның олимпиадалық құндылықтарды қалыптастырудағы маңызын айқындай түседі.

Ұлттық мектеп лигасының бағдарламасына әртүрлі спорт түрлері енген: үстел теннисі, баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, футзал, жеңіл атлетика, гандбол, асық ату, шахмат және футбол.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -