Логика интуицияға қарсы: жылдың корпоративтік турнирі

2794
Фотосурет: freepik.com

29 мамырда Astana International Forum шеңберінде Corporate Chess Cup 2025 өтеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан шахмат федерациясы (Kazchess) осы орайда Freedom Holding Corp. және «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қолдауымен өздерінің зияты мен тактикасы әлемдік деңгейге лайық екенін дәлелдеуге дайын корпоративтік командалардың бастарын қосады.

Турнирге қатысушы командалар:

  1. ERG — 1884
  2. Қазмедиа Орталығы — 1732
  3. NCOC (North Caspian Operating Company) — 1565
  4. Freedom Holding Corp. — 1483
  5. Kazakhmys Group — 1385
  6. Алматы Менеджмент Университет БМ — 1228
  7. Freedom Telecom — 1224
  8. Astana Hub — 1148
  9. KazScanService — 1147
  10. «Эйр Астана» АҚ — 1124
  11. Президенттің Іс Басқармасы құрамасы — 1106
  12. ForteBank — 1000
  13. PTC Holding — 1000
  14. Ұлттық ақпараттық технологиялар — 1000
  15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі — 1000
  16. «Mycar Group» ЖШС — 1000

Қатысушылар мол жүлдені сарапқа салады:

  • 1-ші орын — 1 000 000 теңге
  • 2-ші орын — 650 000 теңге
  • 3-ші орын — 350 000 теңге

Сондай-ақ медальдар мен дипломдар қарастырылған.

4 негізгі және 1 қосалқы ойыншыдан (қалауы бойынша) тұратын командалар швейцариялық жүйе бойынша өтетін, уақыт бақылау нұсқасы рапид 10+2 (партияға 10 минут беріледі және әр жүріс үшін 2 секунд қосылады) 7 турда кездеседі.

Жеңіс — 2 ұпай, тең ойын — 1, жеңіліс 0 ұпай әкеледі. Ұпай саны тең болса, мына көрсеткіштер есепке алынады:

  • жеке ұпайлар,
  • Бухгольц коэффициенті,
  • жеке кездесулер,
  • командалық жеңістер саны.

Қызметкерлер үшін бұл өзін көрсетуге, командалық рухты күшейтуге және компанияның тарихына өз есімін жазуға тамаша мүмкіндік. Corporate Chess Cup 2025 — бұл жай ғана шахмат емес. Бұл бизнес стратегияны кездестіретін, ал логика қаруға айналатын алаң.

Шахмат қысым жасалып жатқан жағдайда шешім қабылдауға, тәуекелдерді есептеуге және үш қадамды күнілгері көруге үйретеді — бұл заманауи іскерлік әлемінде аса маңызды машықтар.

Турнир индустриялардың көшбасшыларын біріктіріп:

  • нетворкинг,
  • корпоративтік мәдениетті көрсету,
  • компаниялардың беделін нығайту үшін бірегей алаң құрады.

Бизнес үшін бұл оның ұжымдары миллиондаған табыс тауып қана қоймай, ең зияттық ойын – шахматты меңгергенін көрсету мүмкіндігі.

Жеңімпаз атанған команда Қазақстан өзінің зияткерлік әлеуетін көрсете алатын шахматтан корпорациялар арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болады.

Corporate Chess Cup 2025 — өткізіп алуға болмайтын ерекше оқиға.  Бизнес элитасы шахмат тақтасында бақ сынасатын бұл жарыс шытырманға толы: көрермендер «бас олжа алпауыттардың қайсысына — ERG, Freedom Holding Corp. немесе, бәлкім, Astana Hub командасына бұйырады екен?» деп басы қатады. Бұл іскерлік және спорт аудиториясының назарын аударатын интеллект, стратегия және амбициялар туралы хикая.

Күні: 2025 жылғы 29 мамыр
Уақыты: 14:00 - 20:00
Өтетін жері: AIFC сауда-саттық залы (Мәңгілік Ел даңғылы, 55/18)

БАҚ мынадай жарқын сәттерді:

  • шиеленіскен партияларды,
  • күтпеген жүрістерді,
  • үздік ойыншылардың жеңіс салтанатын көрсету мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Бұл ФИДЕ ұйымының жаһандық миссиясы — шахматшылар санын бір миллиардқа жеткізу міндетін қолдайтын іс-шара туралы жазу, хабарлау және Қазақстанның зияткерлік күрес орталығына айналып отырғанын көрсету мүмкіндігі.

Әр партия — бұл бір жүріс бәрін күрт өзгертуі мүмкін болатын драма. Көрермендер бизнес-стратегиялардың шахмат тақтасында қалай тамаша іске асатынын, ал компаниялардың жүлде үшін ғана емес, сондай-ақ бедел үшін де сайысқа түсетінін көреді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -