Мемлекеттік қызмет ардагерлері жас мамандармен тәжірибе бөлісті

3212
Фотосурет: Gov

Жас мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызмет ардагерлерімен жүздесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мемлекеттік қызметтегі ұрпақтар сабақтастығы – мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі. Бұл сабақтастық тәжірибенің, білімнің және кәсіби дағдылардың үздіксіз жаңа буынға өтуін қамтамасыз етеді.

Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында, 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік қызмет ардагерлерінің және мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған жас мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен диалогтық алаң ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, іс-шараға Тәлімгерлер кеңесінің мүшелері, мемлекеттік қызмет ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Марат Құлмағамбетов, мемлекеттік қызмет ардагері, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасының және «Құрмет» орденінің иегері, Ақмола облысы «Демалыс және туризм индустриясының ассоциациясы» ЗТБ президенті, ҚР туризмінің құрметті қызметкері, профессор, академик Шынарбек Батырханов, ҚР Әділет органдарының құрметті қызметкері, мемлекеттік қызметтің ардагері Павел Трищ, мемлекеттік қызмет ардагері Ғалия Ташкина қатысты.

Кездесуді аша отырып, Департамент басшысы, Тәлімгерлер кеңесінің тең құқылы төрағасы Думан Әбілев қоғамның үздіксіз дамуының шарты болып табылатын, ең маңызды және өмірлік қажетті құндылықтарды, аға буыннан жинақталған көп жылдық тәжірибені қызметкерлердің жас буынына дарытуға көмектесетін іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Марат Құлмағамбетов жастарға жылы лебізін білдіріп, олардың ел игілігі жолындағы еңбегіне сенім артып, жауапкершілік пен адалдықты ұстануға шақырды. Ол жас буынның мемлекет дамуына қосатын үлесі зор екенін атап өтіп, ізгі ниеті мен ақыл-кеңесін жеткізді. Шынарбек Батырханов өз сөзінде кәсіпқойлық, бәсекеге қабілеттілік, ашықтық, патриотизм, өз ісіне деген сүйіспеншілік сияқты қасиеттер қазіргі заманғы мемлекеттік қызметшінің маңызды бағдары болып табылатынын атап өтті. Павел Трищ өзінің шығарған өлең жолдарымен бөлісіп, жастарды адалдықпен қызмет етуге ынталандырды.

Кездесу барысында жас мамандар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қатысушылар арасында сындарлы диалог өтті. Ардагерлер мемлекеттік қызметті не себепті таңдағаны, мемлекеттік қызметшінің бойында болуы тиісті маңызды қасиеттер туралы айтып, мемлекеттік қызметтегі қызықты оқиғалар туралы естеліктерімен бөлісті.

Іс-шараның соңында Думан Әбілев ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметтің дамуы мен қалыптасуына қосқан үлесі, тәлімгерлік қызметі және белсенді өмірлік ұстанымы үшін мемлекеттік қызмет ардагерлеріне алғыс хаттар табыстады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -