Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 5518 әскери бөлімі Өскемен қаласының оқушыларына арнап ашық есік күнін ұйымдастырды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шара мақсаты – «Үміт» балалар үйі тәрбиеленушілерін патриоттық тәрбиеге баулу, елдің тыныштығын сақтау олардың азаматтық борышы екендігін түсіндіру. Тағылымды іс-шарада балғындар үшін әскери бөлімнің саптың алаңында заманауи үлгідегі қару-жарық пен әскери киім үлгілерінен тұратын көрме ұсынды. Көрмеге қатысушылар атыс қаруларына таңданыспен қарап, тіпті әр түрлі киім үлгілерін киіп көру мүмкіндігіне де ие болды.
Кішкентай қонақтар күні ертең ел шекарасын күзеткісі келетіндігін де жасырмай баян етті. Тәрбиеленушілер ашық есік күні аясында казармадағы үй-жайларды аралап, әскери асхананы тамашалады. Ауқаттану нысанында олар сарбаздарға арналған ас мәзірімен танысып қоймай, сарбаз ботқасымен жүрек жалғады.
"«Ашық есік» күні халықаралық балалар күні мерекесіне арналады. Себебі мерейлі мереке жыл көлемінде жоғары деңгейде аталып өтуі тиіс. Балаларға арналған мерекеден ата-ананың ыстық құшағына еніп көрмеген балалардың назардан тыс қалуы әлбетте қисынсыз. Тағылымды шара аясында оқушыларға әскери тәртіп туралы, сондай-ақ әскери қызметтің, жауынгерлік және оқу-жауынгерлік тапсырмалардың өту тәртібі туралы айтып түсіндірілді. Әскери - патриоттық тәрбие беру – жастарға өз елі мен Отанын сүюге үйрететін, оларды адалдыққа тәрбиелеудегі басым бағыттардың бірі болып табылады" әскери бөлім командирінің орынбасары майор Серік Ноғаев