1938-1953 жылдары мыңдаған әйел адам төзгісіз жағдайда жазаларын өтеген бұл қасіретті орын – бүгінде маңызды жалпыұлттық ескерткіштердің бірі.
Бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешеніне барып, гүл шоғын қойды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Мемлекет басшысы боздақтардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.
Президент «АЛЖИР» музейін аралап көрді. Мемлекет басшысы тоталитарлық жүйе құрбандарының өмірінен сыр шертетін бірегей құжаттар, тұтқындардың жеке заттары, архив материалдарымен танысты.