Балаларға арналған қаржылық сауаттылық: ҚМА анимациялық сериалды іске қосты

3267
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі агенттігі «Заң және тәртіп» нарративі аясында қаржылық қауіпсіздік тақырыптарына арналған мультфильмдер циклын іске қосты, деп хабарлайды DKnews.kz

Бүгін Балаларды қорғау күніне орай, қалың көрермен арасында танымал «Қошқар мен Теке» мультфильмінің алғашқы сериясы жарыққа шықты. 

Алғашқы серия қаржы пирамидалары тақырыбына арналады. Балалар сүйіп көретін кейіпкерлер көрермендерге алаяқтық схемаларды қалай анықтап, өздерін және жақындарын қаржылық алдаудан қалай қорғауға болатынын түсіндіреді.

Мультфильмдер циклы балалар аудиториясына бағытталған және өсіп келе жатқан ұрпақтың қаржылық сауаттылығы мен құқықтық санасын қалыптастыруды мақсат етеді. 

Келесі бөлімдерде лудомания, дропперлер, интернет-алаяқтық, заңсыз микроқаржылық ұйымдардың қызметі сияқты маңызды тақырыптарды қозғайды. 

Айта кету керек, анимациялық туынды кәсіби мультипликаторлардың қолдауымен жасалды. 

Мультфильмнің тұсаукесері бүгін 1 маусым күні жетекші телеарналар мен Агенттіктің ресми әлеуметтік желілерінде көрсетіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -