Алматы әкімі Дархан Сатыбалды 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсіміне қатысып, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қарағайлы скверінде өткен еске алу іс-шарасына қоғам қайраткерлері, қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары, сондай-ақ қаладағы жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
«Бүгін біз қуғын-сүргін мен ашаршылық кезінде қаза тапқан ата-бабалардың рухы алдында адами және азаматтық борышымызды өтеу үшін жиналдық. Бір минуттық үнсіздік – есте сақтаудың, құрметтің және сабақ алудың белгісі. Біздің міндетіміз – өткеннің ауыр кезеңдерін есте сақтай отырып, бүгінгі бірлік пен бейбітшілікті бекемдеу», - деді Дархан Сатыбалды.
Рәсімге қатысушылар саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.
Іс-шараның ресми бөлігі аяқталған соң Алматы әкімі қалалық мәслихат депутаттарымен және қоғам өкілдерімен әңгімелесті.