Түркістан облысында ұн өнімдерін шығаратын зауыт салынып жатыр

3388
Фотосурет: Gov

Ордабасы ауданы Бөржар ауылында жылына 14 мың тонна ұн өнімдерін өндіретін кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

TOO «Keruen Products» өндірістік бірлестігі макаронның 10 түрін және тез дайындалатын кеспе түрлерін шығарып, 120 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ. Жалпы 5,5 гектар аумақта орналасқан бұл өндірістік жоба іске қосылған соң жергілікті бюджеттің кіріс көлемін арттырады деп күтілуде.

Өңір экономикасына айтарлықтар әсерін тигізетін нысан құрылысымен танысу үшін аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы барып, жұмыстарға оң бағасын берді. Сондай-ақ, Азат Абдіғалиұлы Бадам ауылында бой көтеріп жатқан 250 орындық Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарын қадағалады. Сонымен қатар, жауапты мамандармен бірге Ұялыжар ауылындағы Абай көшесіндегі аяқжол салу, Сәтбай Болыс көшесіндегі асфальт төсеу, Қайнар елді мекеніндегі трансформатор орнату мәселелерін зерделеді. Одан бөлек, Ынтымақ ауылындағы 200 орындық мектеп құрылысының барысын бақылап, жұмыс барысындағы бірқатар кемшіліктерге ескертулер жасап, жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар жүктеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -