Астанада биыл шамамен 180 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жұмыс қаланың барлық ауданын, оның ішінде тұрғын алаптарды қамтиды. Қазірдің өзінде бірқатар жұмыс аяқталған. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елорданың алты ауданында 40-тан астам аула мен қоғамдық кеңістік пайдалануға берілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Байқоңыр ауданында мерекелік іс-шара аясында 10 жаңа аула ашылды. Олар балалардың ойнап, демалуына қолайлы заманауи орынға айналды. Аталған аумақтарда ойын және спорт алаңдары, шағын архитектуралық формалар, демалыс аймақтары орнатылған.
Жаңа аулалар мына мекенжайларда орналасқан: Сейфуллин көшесі, 41; Бейсекбаев көшесі, 14; Сембинов көшесі, 21; Ғабдуллин көшесі, 1; Торайғыров көшесі, 3; Уәлиханов көшесі, 3; Рахимов көшесі, 91; Шонаұлы көшесі, 39 және 41; Жұбанов көшесі, 3; Торайғыров көшесі, 1.
2025 жылы Байқоңыр ауданында 88 аула абаттандырылады. Олардың ішінде 18-і кешенді түрде жаңғыртылады, ал қалған 70 аулада жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүргізіледі. 18 ауланың 12-сі «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандырылмақ.
Алматы ауданында 3 аула толық абаттандырылып, пайдалануға берілді. Жұмыс барысында ойын кешендері, спорт алаңдары, қоқыс жәшіктері, орындықтар, автотұрақ аймақтары және воркаут алаңдары орнатылды. Ерекшелігі – ұлттық стиль элементтерімен безендірілген шағын архитектуралық формалар: әткеншектер, қосарлы әткеншек, карусельдер.
Ашылу салтанаты мерекелік көңіл-күйде өтті, оған аудан әкімі мен мәслихат депутаттары қатысты. Жобалар «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Биыл Алматы ауданында тағы 12 аула абаттандырылмақ.
Сарыарқа ауданының тұрғындарын жаңғыртылған 16 аула қуантты. Капиталдық жөндеу аясында балалар алаңдары, спорт аймақтары, футбол алаңдары жаңартылды. Резеңке жабыны төселіп, жаңа ойын элементтері орнатылды.
Абаттандырылған нысандар Ы. Дүкенұлы – Ш. Айманов – Республика даңғылы – Бөгенбай батыр көшелерінің шаршы аумағында және Павлов көшесі, 29; Ы. Дүкенұлы, 37/1; Республика даңғылы, 39 мекенжайларында орналасқан.
Жұмыстар тұрғындардың ұсынысы негізінде «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында атқарылды.
Айта кетсек, Сарыарқа ауданында Ә.Мамбетов, Гете, Ғұмар Қараш көшелері мен Республика даңғылы бойында көшелер мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жалғасуда.
Нұра ауданында 8 аула салтанатты түрде ашылды. Олардың ішінде мына мекенжайлар бар: Маметова көшесі, 2, 2/1, 8, 10; Сығанақ көшесі, 14, 18; Әнет баба көшесі, 11/2, 11/3; Қ. Мұхамедханов көшесі, 28, 28А, 28Б.
Жұмыс аясында балалар алаңдары, спорт аймақтары орнатылып, көгалдандыру жүргізілді.
Сонымен қатар, Үркер тұрғын алабында үш гүлзар абаттандырылды: – №69 мектеп-гимназиясының артында, – «Нұра» спорт кешенінің жанында, – «Айғыржал» сквері.
Сарайшык ауданында Балаларды қорғау күніне орай төрт жаңартылған аула салтанатты түрде ашылды. Жұмыстар аясында ойын және спорт алаңдары орнатылып, аумақ көгалдандырылып, балалар мен ересектерге жайлы демалыс жасалды.
Абаттандырылған аулалар мына мекенжайларда орналасқан: – Р. Қошқарбаев даңғылы, 68 (
«Аспан» тұрғын үй кешені), – Шалкөде көшесі, 9, – А. Бөлекбаев көшесі, 4 («Тарлан» тұрғын үй кешені), – А. Бөлекбаев көшесі, 15.
Ашылу шарасы мерекелік көңіл-күйде өтті: аулаларға аниматорлар шақыртылып, балаларға арналған ойындар мен сыйлықтар ұйымдастырылды.
Есіл ауданында қала кеңістігінің элементтерін жаңарту мен қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыстар басталды. Олар елорданың басты қоғамдық орындарын қамтиды: Желілік саябақ, бульвар, Әл-Фараби мешіті жанындағы сквер, Есіл өзенінің жағалауы, Д.Қонаев көшесі бойындағы Дипломатиялық қалашық сквері, «ЭКСПО» сквері, Есіл бойындағы парк, «Астана Балет» театры алдындағы сквер, сондай-ақ Ақмешіт, Сарайшық, Ұлы Дала, Гейдар Әлиев, Орынбор, Түркістан және Мәңгілік Ел көшелері.
Биыл Есіл ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тағы 6 аула абаттандырылады. Қазіргі таңда бұл жұмыс жүріп жатыр.