2025 жылғы маусым айында тапсыру қажет салықтық есептіліктер мен төлемдер

2541
Фотосурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Маусым айында салық төлеушілер салық есептіліктерін уақытылы тапсырып, бюджетке міндетті төлемдерді төлеуі тиіс. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті белгіленген мерзімдермен алдын ала танысып, барлық міндеттемелерді уақытында орындауды ұсынып, өсімпұлдар мен басқа да теріс салдарларды болдырмауға шақырады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Салық есептіліктері:

2025 ж. 16 маусым:

  • 400.00 және 421.00 нысандары – 2025 ж. сәуір айына акциз бойынша декларация және салық салуға қатысты құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп.

2025 ж. 20 маусым:

  • 328.00 нысаны – 2025 ж. мамыр айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.

Төлемдер:

2025 ж. 20 маусым:

  • 2025 ж. мамыр айына ЕАЭО-да ҚҚC;
  • 2025 ж. мамыр айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда.

2025 ж. 25 маусым:

  • 2025 ж. маусым айына КТС бойынша аванстық төлемдер;
  • 2025 ж. мамырда төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС, ЖТС;
  • 2025 ж. мамырда төленген табыстардан ЖТС;
  • 2025 ж. мамыр айына арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып жүзеге асатын арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің табыстарынан ЖТС;
  • Жер учаскелерін пайдалану үшін, радиожиілік спектрін пайдалану үшін, сыртқы (визуалды) жарнама орналастырғаны үшін, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияны пайдаланғаны үшін, телефон байланысын ұсынғаны үшін ағымдағы төлемдер;
  • 2025 ж. мамыр айына бірыңғай төлем, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ.

Есептіліктерді тапсыру, салықтар мен төлемдерді төлеу туралы толық ақпаратпен Департаменттің сайтынан және @mkdalmaty_dgdalmaty Instagram парақшасынан, сондай-ақ 1414/3 нөмірі бойынша білуге болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -