Өрт сөндірушілер Қостанайдағы өндірістік нысандағы өртті жедел сөндірді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қостанай қ. Узкоколейная көшесінде асфальт зауытының аумағында битум-қыздыру станциясында өрт шықты.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт оқшауланып, шағын алаңда сөндірілді, оның одан әрі таралуының алдын алынды.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.